Ағзаға МИКРОЭЛЕМЕНТ ЖЕТІСПЕСЕ не болады?

0
4 646

Көпшілігіміз бұған аса қатты мән бермейміз


Ағзаға МИКРОЭЛЕМЕНТ ЖЕТІСПЕСЕ не болады?

фото: autogear.ru

Микроэлемент – адам ағзасына аса қажетті зат. Олар жасушаларды энергиямен қамтамасыз етпейді, бірақ ағзадағы биохимиялық реакциялардың жүруі үшін өте маңызды. Минералдың мөлшері миллиграмм немесе микрограмм болады. Сөйте тұра, біздің ағзамыз, денсаулығымыз үшін маңызды рөл ойнайды.

Микроэлементтердің тепе-теңдігінің бұзылуын медицина тілінде – дисэлементоз деп айтады. Ағзаға темір, йод, мыс, мырыш, хром, кобальт, молибден, марганец немесе күкірт жетіспесе немесе артық болса, онда денсаулықта айтарлықтай мәселе туындайды.


Микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері

Негізінде дәрігерге тексерілген кезде және қан сараптамасы арқылы микроэлементтердің теңгерімсіздігін дәл анықтай аласыз. Десе де, төменде берілген белгілер арқылы да шамалап білуге болады. Мәселен, жиі инфекция жұқтырсаңыз, иммунитет әлсіресе, тері, тырнақ, шаш саулығы нашарласа, еш себепсіз тітіркенсеңіз, ұйқының қанбауы да қандай да бір элементтің тапшылығын білдіреді. Мәселен өзіңіздегі белгілер арқылы қайсы элементті қабылдау керектігін байқап көріңіз:

  • Сіздегі артық салмақ марганец, мырыш немесе хром элементінің жетіспеушілігінен болады;
  • Хром немесе мырыш жетіспесе, ас қорыту процесі бұзылуы мүмкін.
  • Мырыш тапшылығы кезінде ішек микробтық флорасы бұзылады;
  • Тағамдық аллергия – мырыш пен селеннің тапшылығынан туындайды;
  • Қуық асты безінің бұзылуы – селен, мырыш, йод тапшылығының белгісі;
  • Қандағы қанттың жоғарылауы – хром, мырыш, марганец, молибден элементінің аздығынан хабар береді;
  • Тырнақтардың сынғыштығы, шаш ұшының гүлденуі – темір, мырыш, мыс тапшылығын анықтаса, мырыш пен селен жетіспеуінен шаш түседі;
  • Терідегі дақтар – мыс, селен немесе марганец тапшылығын білдіреді;
  • Бет пен денеге безеу шықса, селен, мыс, мырыш элементін қабылдау керек.

фото: info-farm.ru


Қандай элементтің жетіспейтінін қалай анықтауға болады?

Макро (кальций, магний, калий) және микроэлементтердің жетіспеушілігін анықтай алатын бірқатар зертханалық сараптама бар. Зерттеу үшін қан, зәр тапсырасыз. Тіпті, тырнақ пен шаштан да анықтауға болады. Шаштың спектрлік талдауы денеде қандай микроэлементтердің жетіспейтінін дәл анықтай алады.


Микроэлементтердің адам ағзасындағы рөлі қандай?

Ағзадағы микроэлементтердің жетіспеушілігі неге соншалықты қауіпті екенін түсіну үшін бұл заттардың қандай биологиялық рөл атқаратынын білу керек. Элементтің мөлшері кейде тіпті бірнеше граммға жетпесе де, олардың рөлі орасан зор. Нақтырақ айтқанда:

  • зат алмасудың жылдамдығы мен сапасын, гормондардың, дәрумендердің және бірқатар ферменттердің синтезін реттейді;
  • иммундық жүйенің белсенділігін сақтауға көмектеседі;
  • қантүзілімін ынталандырады;
  • сүйектер мен жұмсақ тіндердің дамуы мен өсуіне ықпал етеді;
  • қышқыл және сілтілі иондардың тепе-теңдігін реттейді;
  • репродуктивті жүйенің қызметін күшейтеді.

Жасушалардың ішіндегі микроэлементтер мембрана тұрақтылығын сақтайды және оттегі алмасуын қамтамасыз етеді. Белгілі бір молекулалардың жетіспеушілігіне байланысты микроэлементтердің комбинациясы бұзылса, метаболикалық процестерде сәтсіздіктер болады. Адам ағзасындағы микроэлементтердің жетіспеушілігі өте ауыр дертке әкелуі мүмкін.

фото: twitter.com


Микроэлементтердің маңызы

Ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі аурулар мен метаболикалық бұзылуларды микроэлементтердің жетіспеушілігімен байланыстырады. Мұндай проблемаларды тудыратын негізгі себептердің арасында дұрыс тамақтанбау, стресс, қолайсыз орта, белгілі бір дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қолдану болып табылады.

КЕСТЕДЕ көрсетілген анықтамаға назар аударыңыз


Элементтің атауы

Қызметі

Зардабы

Қайнар көзі

Мөлшері

Темір

Гемоглобин синтезін реттейді, тіндерге оттегін береді, бұлшықеттерді қалыптастырады, зат алмасу процестеріне қатысады.

Темір тапшылығы анемиясы, сидеропения (жасырын темір тапшылығы)

Ет өнімдері, құс еті, балық, қарақұмық, жидектер, жарма

Ерлерде –

8-10 мг

Әйелдерде – 18-20 мг.

Мыс

Қан түзуге қатысады, темірді сіңіруге көмектеседі, терінің саулығын сақтайды

Түрлі типтегі анемия, дерматит, пигментация проблемалары, психикалық бұзылулар, терморегуляцияның бұзылуы

Жаңғақтың, балықтың, теңіз өнімдерінің түрлері

1 мг

Мырыш

Инсулин синтезіне, иммундық жүйені нығайтуға, гормондардың түзілуіне қажет

Депрессия қаупі, иммундық қорғаныстың төмендеуі, шаш пен тырнақ проблемалары

Асқабақ дәнінде, жаңғақта, жарма мен бананда болады

12 мг

Йод

Қалқанша безінің гормондарының синтезіне тікелей қатысады, негізгі зат алмасуды және дене температурасын, жүйке жүйесінің жұмысын реттейді.

Гипотиреоз, дефицитті зоб, балалардағы ақыл-ойдың артта қалуы

Теңіз балығы, теңіз өнімдері, балдыр, грек жаңғағы

150 мкг

Марганец

Май қышқылдарының алмасуын ынталандырады, қандағы холестерин деңгейін реттеуге көмектеседі

Зиянды холестерин фракцияларының деңгейінің жоғарылауы, атеросклероздың дамуы

Дәнді дақылдар, жаңғақтың әртүрлі түрлері, бұршақ дақылдары

2 мг

Кобальт

Инсулин гормонының өндірісін арттыруға көмектеседі, ақуыз синтезіне көмектеседі

Метаболикалық бұзылулар, қант диабеті қаупі

Жидектердің, қызылшаның, бұршақтың түрлері

0.1-0.2 мг

Селен

Антиоксиданттық белсенділікке ие, жасушаларды қатерлі ісіктен қорғайды, қартаю процесін баяулатады, иммундық жүйені нығайтады

Аритмия, иммундық қорғаныстың төмендеуі, ентігу, жиі инфекциялар

Саңырауқұлақтар, теңіз өнімдері, жүзім, жемістер

Ерлерде –

70 мкг

Әйелдерде – 50 мкг

Фтор

Тіс эмальын және сүйек тінін нығайтады

Флюороздың, қызыл иек ауруларының дамуы

Су, өсімдік тағамдары

2 мг

Хром

Инсулин синтезіне, көмірсулардың сіңуіне көмектеседі

Қандағы қанттың жоғарылауы, қант диабетінің қаупі, көмірсу алмасуының бұзылуы

Тұтас дәнді дақылдар мен саңырауқұлақта бар

125 мкг

Молибден

Көмірсулардың сіңуін ынталандыру, метаболикалық процестерді белсендіру

Асқорыту бұзылыстары, зат алмасу бұзылыстары

Қырыққабат, саумалдық, жидектер

50-70 мкг

Бром

Жүректің, қан тамырларының, ас қорытудың саулығын сақтауға көмектеседі, құрысуларды жояды.

Гемоглобин деңгейінің төмендеуі, жүктілік кезіндегі проблемалар, ұйқысыздық, құрысу қаупі

Әр түрлі жаңғақтар, жарма, теңіз балдырлары, теңіз өнімдері, балық, бұршақ дақылдары

1 мг


Қажетті микроэлементтерді қалай дұрыс қабылдауға болады?

Микроэлементтер мен дәрумендер кешендерін қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіп алыңыз. Арнайы маман сізге қайсы дәрумендер мен минералдардың жетіспейтінін анықтап, олқылықтың орнын толтыруғакөмектеседі.

Маңызды микроэлементтермен қамтамасыз етуді толықтыру соншалықты қиын емес. Қажетті ем-шараларын уақытылы алыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, физикалық белсенділікті ұмытпаңыз, таза ауада жиі серуендеңіз, стресстен мейлінше қорғаныңыз.


Дереккөз: smclinic-spb.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БРОНХИТ жазылатын ДЕРТ пе?


Вирусты ИНФЕКЦИЯНЫ қалай ЕМДЕЙМІЗ?


Жүректің ишемиялық ауруы туралы не білеміз?