​Мереке күндері ТАМАҚТЫ АРТЫҚ ЖЕП ҚОЙМАУға арналған 5 кеңес

0
2 509

Жаңа жылды бақытты және деніңіз сау күйде өткізу үшін осы қарапайым қадамдарды қадағалауға болады.


​Мереке күндері ТАМАҚТЫ АРТЫҚ ЖЕП ҚОЙМАУға арналған 5 кеңес

Біз жаңа жылды қарсы алу үшін адамдар бір-біріне қонаққа барып, мерекелік дастархан басында бірге жиналатын, әрі көңіл көтеретін уақытқа жақындап келеміз. Міне, мейрам күндері сау ахуалда қалай қалуға болатыны туралы бірнеше кеңес. Салауатты тамақтану сіздің ағзаңыздың қызметін дұрыс атқаруына және аурулардың алдын алуға қажетті қоректік заттардың бәрімен қамтамасыз етеді. Ол өзінде тағам өнімдерінің әртүрлі топтарына жататын дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар, жемістер, көкөністер, жануар тектес өнімдер және пайдалы майлар сияқты алуан өнімдерді қамтиды. Ол тұз, қант және аралас майлардың тұтынылуын шектейді.


Осы мақалада біз Жаңа жылды мейрамдау кезінде салауатты тамақтану ережелерін қалай ұстануға болатыны туралы бірнеше кеңес беруге тырысамыз. Бастаңғы кеш өткізесіз бе, отбасылық бас қосуға барасыз ба немесе достарыңызбен кездесесіз бе, сізге Жаңа жылды бақытты және деніңіз сау күйде өткізу үшін осы қарапайым қадамдарды қадағалауға болады.



  • Тұз тұтынуды қысқартыңыз

ДДСҰ күніне шамамен бір шай қасық болатын 5 г мөлшерден аз тұз тұтынуға кеңес береді. Сауалнамаларға сүйенсек, Қазақстан тұрғындары күніне, орта есеппен, 17 г мөлшерінен көп тұз тұтынады. Тұз - көптеген қазақ ұлттық тағамдарының ең көп таралған ингредиенті, ал біз күніне қанша тұз тұтынып жатқанымыздан бейхабармыз. Шамадан тыс тұз тұтыну қан қысымының көтерілуіне түрткі болып, инсульттер мен жүрек ұстамаларына алып келеді. Тұзды шектен тыс тұтыну денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.


Міне, біз тұз тұтынуды қысқарту үшін қабылдауға болатын бірнеше тәжірибелік қадам:

  • Үйде ас әзірлегенде тұз қоспауға тырысыңыз немесе сіз қосыпүйренген мөлшердің жартысын қосыңыз. Дәм сезу рецепторлары тұз азаюына тез дағдыланады.
  • Супермаркеттен азық-түлік сатып алғанда – заттаңбаның екінші жағында жазылған құрамымен танысыңыз. Құрамында 100 г өнімге 120 мг мөлшерден аз натрий бар тағамдарды таңдаңыз. Немесе өнімдерді салыстырыңыз және тұз мөлшері ең аз нұсқаны таңдаңыз. Басында бұл көп уақыт алуы мүмкін, бірақ сіз тез арада тұз мөлшері аз өнімдерге таңдау жасап үйренгеніңізді ұғынасыз.
  • Тұз сауытын үстелге қоймаңыз. Көптеген адамдар ауқаттанар алдында тұз қосатын әдеттерін қоймайды. Тұз сауытын үстелден алып тастап, сіз оны көз алдыңыздан алып кетіп, бәлкім, көңіліңізден де қуып шығарсыз.


  • Өз мейрамыңызды жемістермен тәттілеңіз

Қант қосылған сусындарды шектен тыс тұтыну (энергетиктер, пакеттелген шырындар, алкогольсіз сусындар және салқын шайлар, сүт коктейльдері және т.б.) артық салмақ және семіздік, 2 типті қант диабеті, гипертония, жүрек-қантамыр аурулары, тіс жегісінің қаупін арттырады. Жалпы жұмсалатын қуаттың 10%-дан аз бөлігін құрайтын бос қанттарды күнделікті тұтынуға кеңес беріледі.