​Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз

0
8 288

Төмендегі ОН белгі туралы БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ


​Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз

фото: belhope.ru

Ұйқы безінің қатерлі ісігі – өте қауіпті ауру. Оны емдеуден бұрын анықтау қиын. Өйткені ұйқы безінде қатерлі ісік пайда болғаны көбінесе білінбей жатады. Ол басқа аурулардың белгісімен көрініс береді. Сондықтан да көпшілігіміз дәрігерге қаралуға асықпаймыз.


Жалпы ұйқы безі – маңызды ағза. Оның ұзындығы – 20 см. Ол асқазанның астында орналасқан. Оның негізгі міндеті – астың қорытылуына мүмкіндік жасау әрі қандағы қант мөлшерін реттеу. Егер оның саулығы сыр беріп, жұмысын дұрыс атқара алмаса жалғыз ұйқы безі ғана емес, бүкіл ағзаның жұмысы нашарлайды. Сондай-ақ, ұйқы безінде пайда болған ісікті анықтау да қиынға соғады. Егер сізде мына 10 белгі білінсе өз бетіңізше ем қабылдамай, дереу дәрігерге тексеріліңіз.

фото: medicalnewstoday.com

Қатерлі ісіктің белгілері:


1. Көздің ағы мен тері сарғайса

Бұл бауыр ауруы мен маскүнемдіктің де белгісі. Тіпті кішкентай ғана ісік өт жолын жауып тастайды. Салдарынан билирубин көбейіп, тері мен көздің сарғаюына әкеледі. Егер осы жайсыздықты аңғарсаңыз, бауырды ғана емес, ұйқы безді де тексертіңіз.


2. Өзіңізді жүкті сезінсеңіз

Ісіктің өсуінен ұйқы безі созылады. Бұл кезде адам бейне бір құрсақ көтергендей сезімде болады. Бұл әсіресе әйелдерге жақсы таныс. Ал дәрігерлер бұл кезде де бейтарап қарауға болмайтынын ескертеді. Тіпті ісік болмаған күннің өзінде тексерілудің еш зияны жоқтығын алға тартады.


3. Тәбетіңіз төмендесе

Ең сүйікті тамағыңыздың өзі жүрегіңізді айнытып, құсқыңызды келтірсе, бұл жақсылықтың белгісі емес. Тәбеттің төмендеуі – ұйқы безі ісігінің белгілерінің бірі. Өйткені ісіктің өсуі басқа да ағзалардың, әсіресе асқазанның жұмысына кедергі келтіреді. Нәтижесінде құсу, лоқсу, кекіру секілді жайсыздықтар жиі орын алады.


4. Себепсіз салмақ тастау

Тәбет төмендеп, тамақтану режимі бұзылса, бірден салмақ тастайтынымыз анық. Зерттеушілер адам жарты жылда өз салмағының 5 пайызын ғана жоғалта алады дейді. Егер сізде бұл мөлшер шамадан тыс артса немесе ешқандай диета ұстамасаңыз да салмағыңыз азайып жатса, онда дәрігерге тексерілу арқылы себебін анықтаңыз.


5. Беліңіз сыздап ауырса

Ұйқы безіндегі ісіктің өсуі ішкі ағзалардың ғана емес, сыртқы аурулардың да туындауына себепші болады. Нақтырақ айтқанда, омыртқа жотасының төменгі тұсы мен арқа бұлшық еті ауырады. Бұндай мазасыздық әйелдерге етеккір келетін кезде көрініс береді. Егер айлық белгі кетсе де ауру басылмаса, онда сізге әрекет ету керек.

фото: gb4miass74.ru

6. Несеп түсі шайға ұқсап өзгерсе

Қою түсті несеп – ағзаның сусыздануының белгісі. Сонымен қатар, ісіктің салдарынан туындаған қандағы билирубин деңгейі көтеріліп, несеп түсі қоюланады. Егер суды артығымен ішсеңіз де несептің түсі өзгермесе, онда дәрігермен кеңесіңіз.


7. Тері жиі қышыса

Сарғаю мен ұйқы безі ісігінің алғашқы белгісі – терінің қышуы болып табылады. Билирубин көбейгенде, тері қышиды.


8. Нәжістің түсі түрленсе

Егер нәжіс ақшыл-күңгірт, тым ашық немесе майлы болса, бұл осы жаман аурудың белгісі. Тағы да билирубиннің салдарынан нәжіс өзгеріске ұшырады. Ағзадан бөлінген билирубин ішек арқылы нәжіске қосылады. Сөйтіп қою қоңыр нәжіс сыртқа шығады. Егер билирубин өз деңгейінде болмаса, ісіктің салдарынан өт жолы бітеліп, нәжіс ағзаға тарайды. Сол кезде оның түсі өзгереді.


9. Асқазан ауырса

Көпшілігіміз асқазанымыз ауырған кезде дәрігердің көмегіне жүгінбейміз. Өз бетімізш үйдегі дәрімен ем жасаймыз. Бұл қате қадам екен. Өйткені асқазанның ауырғаны да ұйқы безіндегі ісіктің бір белгісі болуы мүмкін екен.


10. Жалпы жайсыздыққа тап боласыз

Бұл ауруға шалдыққан адам өзін әлсіз, мазасыз, шаршағыш және қалжырағыш сезінеді. Оған ашуланшақ пен енжарлық қосылады.


Есіңізде болсын! "Бұл белгілер менде бұрыннан бар ғой. Бірде мазалайды, бірде басылады" деп немқұрайлы қарамаңыз. Қауіпті аурудың алдын алу өзіңізге әлде-қайда жақсы. Өйткені ұйқы безі ісігі өлімге әкелетін қауіпті ауру. Егер белгілерін алдын ала байқап, емдеу шараларын бастасаңыз, дауасы жоқ дерттен айығатыныңызға сеніңіз. Денсаулығыңызды сау кезінде бағаласаңыз, ауырған соң емін іздеп әуре болмайсыз.


Дереккөз: headinsider.net


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГЕМОГЛОБИНДІ бір күнде ДӘРІСІЗ көтеруге болады


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді


Мына ТӨРТ тұнба ҚАНДЫ тазалайды