КЕЗДЕСУДЕ ең бірінші осы ҮШЕУІНЕ назар аударады

0
3 680

​Тұрақты жұмыс, жар іздегендер бұны біліп алғаны жөн.


КЕЗДЕСУДЕ ең бірінші осы ҮШЕУІНЕ назар аударады

Фото: noviydoctor.com

Біреу өмірлік жар, біреу тұрақты жұмыс іздеп жүр. Сіз ше? Алғашқы кездесуге немесе жұмысқа орналасу үшін сұхбаттасуға шақырылдыңыз ба? Онда мына кеңестерді есте ұстаңыз.


Кез келген адам жаңа кездесуден соң «Мен туралы қандай пікір түйді екен? Ұнадым ба?» деп ойланады. Ал психологтар бұл сұрақты кездесуге дейін өзіңізге қойыңыз деп кеңес береді. Яғни сұрақты өткен шақта емес, келер шақта қойыңыз: Мен туралы жақсы ой қалыптастыру үшін не істеуім керек? Қалай ұнасам болады?



1 КЕҢЕС

Фото: .blackpantera.ru

«Киімге қарап қарсы алады» деген сөз рас. Киіміңіз қымбат болмай-ақ қойсын, бірақ таза әрі үтіктелген болсын. Әсіресе аяқ киіміңіз жылтырап тұрғаны жөн. Канзас университетінің профессоры Омри Гиллат «Алғашқы кездесуде кез келген адам аяқ киімге көп назар аударады және бұл оның есінде сақталып қалады. Сондай-ақ аяқ киімге қарап, оның иесі туралы түрлі ой түйеді» дейді.

Омри Гиллаттың айтуынша, көптің екінші назар аударатыны – көз екен. Адамның не ойлап отырғаны, қандай сезімде екені, жалған сөйлегені, кейбір мінез-құлқы да сыртқа көзінен байқалып тұратынын айтады психолог. Олай болса, әңгімелесу барысында жан-жағыңызға жалтақтап қарай бермеңіз. Сөйлегенде көзіңіз айналаны адақтап жүрмесін. Сұрақ қойғанда да, жауап бергенде де қарсы алдыңыздағы адамның көзіне тіке қарап сөйлеңіз.



2 КЕҢЕС

Фото: paretolaw.com

Интеллекті болыңыз. «Адамның сөзі қандай болса, өзі де сондай» деген қағидаға сүйенетіндер көп. Сәлемдесуден бастап қоштасқанға дейін мейлінше мәденитті әрі ұстамды бола біліңіз.

Ақылдыларды бәрі ұнатады, бірақ тым ақылдылар көп адамға ұнай бермейді. Сондықтан қарсы алдыңызда отырған адамның да ой-пікірін сұраңыз. Оның кейбір ой-талғамымен, ұстанымымен келісетініңізді білдіріңіз, бірақ жағымпазданбаңыз.

Орайы келсе мекеменің немесе жеке тұлғаның жетістіктері туралы сұрауды ұмытпаңыз. Өйткені кез келген адам өз жетістігі туралы айтып мақтанғанды жақсы көреді және оны өзгелердің тыңдағанын ұнатады.



3 КЕҢЕС

Фото: cdn-image.hipwee.com

Кез келген нәрсе алдын ала дайындықты қажет етеді. Алғашқы таныстықта-ақ ұнағыңыз келсе, міндетті түрде бір-екі күн бұрын дайындалыңыз. Келесіде таңқалдырармын деп ойласаңыз, қателесесіз. Алғашқы кездесу екі рет болмайды. Ендеше, жақсылап дайындалыңыз.

Жұмысқа тұратын кезде де, әлдекіммен таныспақ болсаңыз да сұрақ сіздің бұған дейін немен айналысқаныңыз, қызығушылықтарыңыз бен қайда тұратыныңыз, жасыңыз, бос уақытыңызды қалай өткізетініңіз және жетістіктеріңіз т.б. жайында болатыны анық. Өзіңіз туралы қысқаша резюме дайындап, бірнеше рет оқып қайталаңыз. Күмілжіп, сасқалақтамау үшін, айна алдында тұрып, көзіңізге тіке қарап, өзіңізді таныстырыңыз.

Сенімді сөйлеңіз. Дауыс адамның өзіне қаншалықты сенімді екенін білдіретінін естен шығармаңыз. Демек, сөзіңіз нақты, даусыңыз анық болсын.



Гарвард бизнес мектебінің профессоры Эми Кадди мен аталмыш оқу орнының психологы Сьюзан Фиск алғашқы кездесуде адамдарда автоматты түрде мынандай екі сұрақ туатынын айтады. Олар:

  1. Мен бұл адамға сенім арта аламын ба?
  2. Мен бұл адамды құрметтей аламын ба?

Сізді екінші сұрақ ойландырмасын. Бірінші сұрақтың үдесінен шығуды ғана ойлаңыз, өйткені сенімнен кейін құрмет пайда болады. Есте ұстаңыз, құрметтен сенім емес, сенімнен – құрмет, жоғары баға, жақсы ой туады.


Ал қарсы алдыңызда отырған адамның сенімін жаулау үшін, психологтардың үш кеңесін орындасаңыз жеткілікті. Бастысы, шынайы әрі өзіңізге сенімді болыңыз.


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ешнәрсеге ҮЛГЕРМЕЙ, уақыт жеткізе алмай ЖҮРСІЗ БЕ?


Отбасын БИЛЕГІСІ келген ӘЙЕЛДЕ жыныс АУРУЛАРЫ пайда болады (психосоматика)