«МІНСІЗ КҮНІМ» жаттығуымен болашағыңызды бағдарлаңыз

0
318

Сіз мінсіз күніңіздің қандай болғанын қалайсыз? Елестетіп көріңізші!


«МІНСІЗ КҮНІМ» жаттығуымен болашағыңызды бағдарлаңыз

Фото: ЖИ

Өміріңізге көңіліңіз толмай жүр ме? Нақты не қалайтыныңызды білмей, «өз орнымды таппадым» деген ой мазалай ма? Армандарыңыз да алыста қап кеткендей ме?

Ең алдымен сіз қандай өмірді, нені қалайтыныңызды анықтауыңыз керек. Көптеген адам жарқын болашақты армандағанымен, ол қандай екенін түсірмек түгілі нақты бейнесін көз алдына елестете алмайды. Ал нейропсихологтар "Ойда жоқ нәрсе өміріңізде де болмайды" дейді. Бұл олқылықты "Менің мінсіз күнім" атты психологиялық жаттығу жоя алады. Бұл терапия сонымен бірге:

  • өзіңізді тануға, жасырын таланттарыңызды және өмірлік миссияңызды табуға жәрдемдеседі;
  • армандарыңызды нақты іс-қимыл жоспарына айналдыруға көмектеседі;
  • жақындарыңызбен, серігіңізбен идеалды байланыс орнатуға жол ашады;
  • қандай жұмыс түрі сізге шынайы ләззат беретінін анықтайсыз;
  • физикалық және эмоционалдық күйіңіздің мінсіз бейнесін көресіз;
  • шынайы құндылықтарыңызды, ішкі қалауларыңызды табасыз;
  • энергияңыз артып, өмір сүруге құлшыныс артады.

Бұл жаттығуды миллионерлердің барлығыдерлік орындағанын олардың тренингтерде бұл туралы айтқанынан байқаймыз. Жаттығу авторы американдық спикер, жетістікке жету психологиясы бойынша білікті маман Барбара Шер. Ол өзінің әлемге әйгілі «Мечтать не вредно. Как получить то, чего хочешь на самом деле» атты бестселлер кітабында бұл әдісті егжей-тегжейлі сипаттаған.



Орындау алгоритмі

1) Болашақтағы (бес жылдан немесе үш жылдан кейінгі) бір күніңізді таңертең көз ашқаннан, түнде ұйқыға кеткенге дейін ұсақ-түйегіне дейін тәптіштеп жазыңыз.

2) Жазу барысында қандай үйде, қай жерде, кіммен тұрасыз? Олар не істеп жатыр, эмоцияңызды, тіпті жиһаздарды сипаттап, мінген көлігіңіздің маркасын, киіміңіздің түсін, иіссуыңыздың иісіне дейін сипаттап, дыбыстарды, айналаңыздағы түстерді сезінуге тырысыңыз.

3) Сізді бақытты ететін жетістіктерге (мансап, үй, отбасы, саяхат, қарым-қатынас т.б.) назар аударыңыз.

4) Қазіргі шақта, дәл қазір болып жатқандай, әр детальды көз алдыңызға елестете отырып баяндаңыз.

5) Жаттығуды аяқтаған соң, өзіңізге мына сұрақты қойыңыз: «Осы идеалды күнге жету үшін маған бүгін не жетіспейді?»

Тәжірибе көрсеткендей, адамның бақытты болуына қажетті нәрселердің 70-80%-ы қазірдің өзінде оның қолында бар болып шығады. Бұл техника сіздің қолыңызда бар ресурстарды көруге және жетіспейтін 20%-ға нақты жоспар құруға мүмкіндік береді.

Бұл жаттығуды жылына бір рет немесе өміріңізде үлкен өзгерістер (жұмыс ауыстыру, отбасы құру) болғанда жасап тұру ұсынылады. Бұл сіздің «ішкі компасыңызды» дұрыс бағытқа бұрып отыруға көмектеседі.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Байығыңыз келсе АҚШАҒА ХАТ жазыңыз

Әкені кешіру - мол табысқа жол ашады