Отбасылы болсын десеңіз, КӘРІ ҚЫЗ бен СҮРБОЙДАҚтың "тұсауын" КЕСІҢІЗ

0
5 526

Нумеролог-кармолог маманы жіпті белге байлау керек дейді.


Отбасылы болсын десеңіз, КӘРІ ҚЫЗ бен СҮРБОЙДАҚтың

Қазақта сәби аяғын тәй-тәй басып, жүре бастағанда тұсауын кеседі. Бұл дәстүр тек қазақ халқында бар. Ал басқа елдерде оң жақта отырып қалған қыз бен сүрбойдақ жігіттің тұсауын кесетін әдіс бар екен.


Кейбір экзотерика мамандары отбасы құра алмай жүрген адамның тұсауын кесуге кеңес береді. Бұл әдісті қолданып көрудің зияны жоқ. Өйткені түрлі жағдайға байланысты кішкентайында тұсауы кесілмеген қазақтың ұлдары мен қыздары болуы мүмкін. Мысалы, сіздің тұсауыңызды кескен сәт есіңізде ме? Жоқ!

Ырымшыл қазақ жолы ашық болсын деп, баланың тұсауын кескен. Ал тұсауы кесілмеген бала сүріншек келеді, өмір кезеңдерінің жаңасына қадам басуы қиын болады деп пайымдаған. Расында сіздің тұсауыңыз кесілмеген болар?!

Ата-анаңыздан сұрап көріңіз. Егер тұсаукесер дәстүрі жасалмаған болса, оны кез келген жаста қиюға болады. Кішкентайыңызда тұсауыңыз кесілсе де оны тағы бір қию артық етпейді.

Әрине ағайын-туысты шақырып, той жасамайсыз. «Кәрі қыздың» немесе сүрбойдақ жігіттің тұсауын кесу үшін екі адам жеткілікті.

Оның бірі – бақ жолын ашқысы келетін қыз (немесе жігіт), екіншісі – тұсауды кесетін адам. Тұсауды оңай (сәтті) отбасы құрған, бала-шағалы адам кескені дұрыс. Жасы маңызды емес. Бастысы, екеуі де ниет етіп, шынымен сенуі керек. Сондай-ақ дәрет алып, тазаланып алу артық етпейді.



ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛАДЫ?

Үлкен адамның тұсауын кесу үшін ала жіптің де, мал ішегінің де қажеті жоқ. Кез келген арқан секілді жіп пен қайшыны дайындаңыз. Тұсауды кесетін адам «Отбасы құруыңа кедергі болған тұсауыңды кестім. Бақ жолың ашылсын. Жаратушы саған лайық деп тағдырыңа жазған жұбыңа ертерек жет» деп айтуы керек. Үш рет қайталауға болады. Ал бұл уақытта аяғына жіп байланған жігіт (немесе қыз) той төрінде жұбымен тұрғанын, неке жүзігін тағып жатқанын ойша елестеткені жөн.



ЖІПТІ БЕЛГЕ БАЙЛАУҒА ДА БОЛАДЫ

Әлеуметтік желіде «Кама ханым» деген есіммен білгенімен бөлісіп жүрген кармолог, нумеролог маманы тұсау кесуге ұқсас бір әдісті ұсынады. Мұнда жіпті аяққа емес, белге байлау керек.

Ол өзінің инстаграм парақшасында (@zheti_ata_karma) былай деп жазады:

«...Бұл жерде жіптің ешқандай құдіреті жоқ. Жалпы энергетикалық түйіндер (энергический нить) болады. Ол адамның беліне оралып, үйден шығармай, жолын байлап тұрады. Жіпті қайшымен қиған кезде, адамда визуализация болады: сол энергетикалық түйіндерді «қиып жатырмын» деген.

Жалпы ата-ананың т.б. жолыңды кесіп айтқан сөздері, белде тұсау болып тұрады. Соны қиып тастау керек.
Ол үшін тұсау кесетін жіпті аласыз. Анаңыздың «Асықпа, кредитті, үйді бітіріп алайық» деген сөзін, әкеңіздің «Қызым жассың, оқуыңды бітіріп ал», әпкелеріңіздің: «Өмір көріп қал, демалып ал. Жағдайыңды жасап ал» деген сияқты сөздерін айтып, жіпті 4-5 жерден түйіндейсіз. Жалпы әркімнің есінде қалған сөздері болады. Сол сөздерді айтасыз, мен мысалға жаздым.

Түйінделген жіпті беліңізге байлайсыз. Өзіңіз немесе анаңыз тұсауыңызды кесіп, жіпті қайшымен қиып тастайсыздар. Қиып жатқан кезде: «Бұл сөздер енді маған жұмыс істемейді! Менің билігім, өмірім өз қолымда!» деу керек. Бұл техниканы 21 күн жасасаңыз тіптен жақсы».


Міне, нумеролог маманы да тұсау кесу оң жақта отырып қалған қыздың тұрмысқа шығуына себепші болатынын айтады. Жаңадан соғылған нысан пайдалануға берілерде, жаңа дүкен жұмысын бастарда лента қию дәстүрі орындалады. Бұл да бекерге емес шығар?! Сондықтан да бұл әдісті жасап көріңіз.

Мүмкін расында да сіздің жаңа өмір кезеңіне аяқ басуыңызға 1 метр жіп себепші болып қалар?!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Т. ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жақсы көретін ЖЕМІСіне қарап МІНЕЗін білуге болады (тест)

"Бала сүйе алмай қаламын ба?" - ҚОРҚЫНЫШты "қуатын" ГИПНОЗдық ТӘСІЛ