​АҚШ пен ҚЫТАЙ жақын жылдарда әлем картасынан ЖОЙЫЛУЫ мүмкін

0
6 005

Алпауыт елдердің болашағына бұлай болжам жасауға не себеп?


​АҚШ пен ҚЫТАЙ жақын жылдарда әлем картасынан ЖОЙЫЛУЫ мүмкін

Жер планетасын адамзат мекен еткен мыңжылдықтар ішінде әлем картасы бірнеше рет өзгерді. Мұның себебі – жаңа мемлекеттердің пайда болуы және байырғы елдердің жойылуы. Мысалы, ХХ ғасырдың өзінде 15 мемлекет жоғалып кетті. Олардың арасында Югославия, Занзибар, Пруссия корольдігі, КСРО және басқалары бар.

Бұл тарихи тенденция тоқталған жоқ, бүгінде де бар. Саяси, экономикалық, экологиялық, басқа да қиындық себептерімен жойылып кету, тарау алдында тұрған мемлекеттер соған дәлел. Әр елдегі болып жатқан жағдайларды бағалай отырып, саясаттанушы, эколог, басқа да сала мамандары олардың болашағына болжам жасап көрді. Сонымен, қалай ойлайсыз, ХХІ ғасыр соңында әлемнің саяси картасында қай елдер болмауы мүмкін?


Солтүстік Корея

70 жылдан астам уақыт бұрын Корея түбегінде болған соғыс салдарынан біртұтас мемлекет ыдырады. Нәтижесінде әлемнің саяси картасында екі корей елі пайда болды – Солтүстік және Оңтүстік.

Білетініміздей, бүгінде Солтүстік Корея (КХДР) толығымен оқшауланған. Бірақ бұл мемлекетте бәрі жақсы, өз-өзін барлық жағынан қамтамасыз етіп отыр деген сөз емес. Ел халқына табиғи ресурстар жетіспейді, адамдар кедейлік шегінде өмір сүруде. Корейлердің төрттен бірінен астамының күнделікті уайымы – өз балаларын тойғыза тамақтандыру және киіндіру. Өйткені, жалпы ішкі өнім өсімі тіпті бір пайыздан төмен.

Оңтүстік Кореяға келетін болсақ, экономикасы үнемі даму үстіндегі қуатты мемлекет. Екі Корея арасындағы суық қарым-қатынас 70 жыл бойы жойылмады, ол аз десеңіз, соңғы 3-4 жылда одан әрі шиеленісе түсті. Сол себепті, саясаттанушылар «Егер Солтүстік Корея мен оңтүстік көршісі арасында қайта соғыс ашыла қалса, КХДР көп ұзамай жойылып кетеді. Мүмкін Оңтүстік Корея немесе басқа одақ құрамына кіреді» деген болжам жасауда.


Нидерланды

Нидерланды да өміріне қауіп төніп тұрған мемлекеттер қатарында. Бірақ, оның негізгі мәселесі саяси не экономикалық сипатта емес.

Табиғаты көз тоймайтындай әдемі елдің бағы да, соры да сол табиғаттан болып тұр. Мұздықтардың еруіне байланысты құрғақ жердің бөліктері суға батып жатыр. Өйткені елдің үштен бірі дерлік теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Жергілікті үкімет пен халық жасанды жағалаулар мен бөгеттер салып жанталасуда. Алайда, табиғи апатпен күрес жүргізу оңай емес, мұнда адамның қауқары көпке бара бермесі анық. Сондықтан, Нидерланды халқы өз жерінің әлі бірнеше ғасыр бойы гүлденіп тұратынына аса сенімді емес.


Мальдив аралдары

Табиғи қауіп төніп тұрған тағы бір аймақ – көпке арман болған Мальдив аралдары. Мамандардың есебінше, 2100 жылдарға қарай бұл аралдар тобы да су астында болуы әбден мүмкін. Сондықтан, ел билігі қазірдің өзінде-ақ жаңа жер сатып алып, халқын сонда көшірудің қамын жасауда екен.


АҚШ

Таңқаларлық ақпарат, десе де, жақын арада жойылып кету қаупі АҚШ-қа да төніп тұр. Оған себеп – ел құрамына кіретін штаттардың басым көпшілігінің өзін-өзі тәуелсіз басқаруы. Олардың әрқайсының өз атқарушы билік органдары, Конституциясы, өз заңы бар. Осыған байланысты, бірқатар штаттар ондаған жылдардан бері тәуелсіздік талап етіп дабыл қағуда. Әсіресе, Техас, Аляска, Жаңа Орлеан және Луизиана штаттары. Саясатшылар жақын жылдары барлық штаттар егемендікке ие болып, әрқайсысы саяси картаға жаңа мемлекет ретінде жаңа атаумен енуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Қытай

Барлық жағынан дамыған, атағы дүркіреп тұрған алпауыт ел жойылып кетудің аз алдында тұр дегенге сену қиын. Әйтсе де, бұндай болжам жасауға негіз де жоқ емес. мәселе – суда. Яғни, миллиардтаған халыққа тұтынатын ауыз судың жетіспеушілігі. Мамандардың есептеуінше, 2030 жылдарға қарай таза ауыз су қоры тіптен түгесіледі.

Мемлекет табиғи су қорын тазартып таза ауыз су алу жұмысына жыл сайын үлкен көлемдегі қаржы бөліп келеді. Алайда, бұл мәселенің түбегейлі шешімі бола алмайтыны анық.

Бұдан бөлек, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін тағы бірқатар проблема бар. Солардың бірі – Тайвань мен Гонконгпен саяси қатынастағы шиеленіс. Елдер арасындағы дүрдараздық уақыт өткен сайын өршуде.

Осындай себептер Қытайдың да болашағын бұлыңғыр етіп тұр.


Гаити

Кедейлік, жер сілкінісі, құйынды дауыл, цунами, соғыс, эпидемия, этникалық қақтығыс... Мұның бәрі елді өсіретін емес, өшіретін жағдайлар. Ал, Гаитидің басында бірінен соң бірі орын алуда. Осыған қарап жақын арада бұл елдің де басына қара бұлт үйірілетінін болжау қиын емес секілді.


Оңтүстік Судан

Тәуелсіз ел ретінде 2011 жылы ғана тіркелген жас мемлекет одан көп ұзамай қайта айрылуы әбден ықтимал. Бұлай жорамал жасауға елдегі бірнеше онжылдықтан бері оты өшпей жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс себеп.


Палестина

Бүгінде тәуелсіздігін алып, шекарасын бекіткен ел болса да, Палестина жерін әлі де өз меншігі санайтындар баршылық. Олардың қатарында Израиль бар. Израильдің экономикалық және әскери қуатының қаншалықты екенін ескермеуге болмас. Әрекетке көшсе, Палестинаны расында өз қүұрамына қосып алатын әлеуеті бар.


Ирак

Соғыс пен қақтығыстардың қайнаған ортасы болып тұрған Ирактың да болашағы бұлыңғыр. Жыл өткен сайын құлдырап бара жатқан елдің әл-ауқаты әлі қанша жылдық қиыншылыққа төтеп бере алатыны белгісіз. Ішінара іріткі салушылар табылып, өз ішінен де бөлшектеніп бара жатқаны тағы бар. Осының бәрін есепке алған саясаттанушылар бұл елдің де ғұмыры ұзаққа бармайтынын айтуда.


Әлбетте, жыл не ғасыр соңы былай тұрсын, бір сәттен кейін не болатынын анық айту мүмкін емес. Алайда, жағдайға жан-жақты, жіті көз салып, дұрыс жасалған болжамдардың да бұлжымай келген кезі аз емес. Анығын келешек көрсетер.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Бұл ЕРЕЖЕНІ әр турист қатаң САҚТАУҒА ТИІС