ҚЫСҚЫ САЯХАТ: Туристер неге Үндістанда демалуға құмар?

0
3 329

Экзотикалық аймақ қыста туритерге қандай тосынсый дайындап қояды?


ҚЫСҚЫ САЯХАТ: Туристер неге Үндістанда демалуға құмар?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жақсы демалыс үшін керемет жағажайлар, қолайлы ауа-райы, мінсіз қызмет көрсету сервистері қажет екені анық. Ал, қақаған қыстан құтылып, осындай жағдай жасалған жерге барғыңыз келсе, ақшаңыз бен жүгіңізді сайлап алып, Үндістанға саяхаттауға болады. Өйткені, қыс мезгілінде Үндістанның ең кішкентай мемлекеті саналатын Гоа туристер үшін көптеген жағымды тосынсыйлар дайындап қояды. Ол, қандай тосынсыйлар? Жалпы, адамдар қыста ол жақа не үшін көптеп барады?


Климаты ерекше


Қыс Гоадағы жағажай демалысы үшін өте қолайлы мезгіл. Себебі мұнда желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында жер құрғақ, аспан ашық және жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз +30-32 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан, туристерге бас киімсіз және ауызсусыз серуендемеуге кеңес беріледі.

Жалпы, Гоа Үндістанның батысында орналасқан Араб теңізі жағалауындағы ел. Ондағы ыстық ауа райы суға емін-еркін шомылуға мүмкіндік береді. Ал, штаттың солтүстігінде қыс айларында серфинг әуесқойлары жиі жиналады. Өйткені, желтоқсаннан ақпанға дейін мұндағы теңізде табиғи жоғары толқындар пайда болады.


Өмір сүру және жағажайлар


Гоаға экзотикалық саяхатқа баратын туристердің көбісі штаттың оңтүстігі мен солтүстігін таңдайтын кезде қиналып қалады. Өйткені, бұл аймақтар арасында едәуір айырмашылық бар. Атап айтсақ, солтүстік Гоада демалу арзан болғанымен, оңтүстігіне қарағанда қолайсыздау. Жергілікті қонақ үйлердің бағасы қолжетімді, ал көшелері әрдайым шулы болады. Сондықтан мұнда жастар жағы жиірек келеді екен.

Солтүстік Гоаның ең жақсы жағажайларына тоқталар болсақ, отбасылық демалыс үшін Моржим жағажайын таңдаған абзал. Ал, Мандрем мен Ашвем курорттарына балаларымен келген туристер жиі табан тірейді екен. Сондай-ақ, Керим жағажайы әрдайым у-шу болып жататын жағажай ретінде қарастырылса, Арамбол, Анжуна, Калангут жағажайларында күн сайын мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады екен.


Ал, оңтүстік Гоаға 4 немесе 5 жұлдызды қонақүйге тұрақтап, таза құмды жағажайларда күн сәулесіне қыздырынып, уақыт тыныш өткізгісі келетіндер барады екен. Мұнда туристерге арналған ұзындығы 70 шақырымға жуық жағажай бар. Мысалы, туристік жағдайы нашарлау жағажайлар реінде Велсао, Кансалиум, Аросим атты жжерлер аталады. Ал, Богмало атты жағажай әдемі әрі тыныш жерде орналасса, Беталбатим, Маджорда жағалаулары туристерді кең жағалауы және көптеген ойын-сауықтармен қызықтырады. Сонымен қатар, оңтүстік Гоадан орталық жағажай саналатын Колва-велсао-Мобор, Палолем және Патнем жағалауларын таңдауға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, артық айқай-шусыз, Егер сән-салтанатсыз жағдайда демалғыңыз келсе, Мобор, Варка немесе Кавелоссим жағажайларының жанындағы қонақүйлерді таңдауға болады. Осы орайда Гоаға туристік агенттіктер арқылы саяхаттаған тиімді екенін айтқымыз келеді. Ешқандай проблемаға тап болмай, алдын ала ұйымдастырылған боғдарлама аясында алаңсыз демалып келесіз.


Гоадағы қысқы мерекелер


Сондай-ақ, Гоаға саяхат жасаған туристер қыс мезгілінде өтетін түрлі мерекелік іс-шаралар мен дәстүрлі фестивальдердің куәгері бола алады. Олардың бурқатарын атап өтейік:

Жаңа жыл мерекесінің алдында бірнеше күн бойы Кандолим жағажайында Sunburn электронды музыка фестивалі өтеді;

Католик Рождествосына арналған діни іс-шаралар ұйымдастырылады;

Ерекше форматтағы Жаңа жылдық іс-шаралар;

Жыл сайын 1-8 қаңтар күндері аралығында Мандарем жағажайында кең көлемді йога фестивалі өтеді;

14 қаңтар – «Понгал» егін жинау мерекесі;

26 қаңтар – теңізшілердің салтанатты шеруімен Республика күні аталып өтіледі;

Ақпан айында Панажи өнер академиясында екі апталық "Поп, бит және джаз" фестивальі өтеді.

Сонымен бірге, белсенді туристер үшін бірегей көрікті жерлерге саяхаттауды ұйымдастыратын көптеген экскурсиялық бағдарламалар дайындалады. Атап өтер болсақ, ол экскурсиялар аясында саяхатшылар дәмдеуіш плантацияларына, Дудхсагар сарқырамасына, Агуада бекінісі және басқа да көптеген тарихи орындармен таныса алады.


Қорыта келе, Гоадағы қысқы саяхат кез келген адамға ұмытылмас әсер сыйлайтынын айтқымыз келеді. Себебі, мұндағы қысқы демалыс әрдайым көңілді, әдемі әрі қызықты өтеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Қысқы демалысты Қазақстанның ҚАЙ ЖЕРІНДЕ өткізген дұрыс?


Саяхат адамды қалай өзгертеді? Барлығы шындық!