Бұл көлдің жағасында бірер минут жүру ауыр дертке, бірнеше сағат болу – өлімге апарады
«Өзен-көл» дегенде көз алдыңызға не елестейді? Әдетте, мөлдір, тұнық су айдыны, жағасындағы жасыл құрақ, құмды жағажай, гүлденген табиғат, суасты тіршіліктері, шомылу, демалыс, тағысын тағылар. Бірақ Жер шарындағы барлық өзен-көлдерді осындай мамыражай , жайдары орын деуге келмейді. Тіпті кей су қоймалары адам, басқа да тіршілік иелерінің өмірі мен денсаулығына өте үлкен қауіп төндіреді.
Өлім көлi (Италия)
Өлім көлінің суында күкірт қышқылының жоғары концентрациясы бар. Мұндай суға түскен тіршілік иесінің тірі шығуы мүмкін емес. Денесіне көл суы тиген кез келген тірі жәндік бірнеше минут ішінде жан тапсырады.
Базбіреулердің айтуынша, бір кездері итальяндық мафия өкілдері Өлім көлін өзіне қолайсыз адамдардан құтылу үшін қолданған екен. Бұл – нақты расталмаған дерек. Расталмайды да, өйткені көл барлық дәлелдерді әлдеқашан ерітіп жіберген және оны тексеруге де ешкімнің дәті бармас.
Қайнаған су (Доминика)
Қашан да буы бұрқырап қайнап жататын көл Доминика аралында орналасқан (Доминикан Республикасымен шатастырмаңыз). Теңіз деңгейінен 0,8 км биіктікте, тығыз тропикалық орманда орын алған көлдің суының температурасы 89-92 °С аралығында. Шынымен бұрқ-сарқ қайнап тұр, ал оның үстінде үнемі қап-қара, көкшіл-бұршақ түсті бу бұлттары тұрады. Бұл көл суына түскен тіршілік иесі сол сәтте-ақ пісіп қалады.
Көл жер бетінде магмамен байланысқан фумарола жарықтарының үстінде қалыптасқан. Осы жарықтардан магма шығып, көл суын қыздырады.
Натрон (Танзания)
Натрон – әлемдегі ең қорқынышты көлдердің бірі. Су микробтарының ерекшелігіне байланысты көлдің суы қып-қызыл түске боялған. Көл суы өлген құстар мен жануарлардың мәйіттерін мумиялап, соңында оларды жағалауға шығарады. Бұл табиғи процесс көлдің суында көп мөлшерде минералды тұздар бар болғандықтан жүзеге асады. Минералды тұздар мәйіттерді шынайы әрі қорқынышты мүсіндерге айналдырады.
Бросно (Ресей)
Тверь облысында жұмбақ Бросно көлі бар. Жергілікті тұрғындар онда ежелгі жылан тұрады, ол қайықтарды аударып жібереді деген аңызды жиі айтады. Көлді зерттеген ғалымдар ешқандай жылан таппады. Дегенмен, олар көлдің түбінде ыдырау процесстері жүретінін анықтады. Бұл үнемі гиганттық күкірт сутегі көпіршіктерінің пайда болуына алып келеді. Газ көтерілгенде су бетінде жүзіп жүрген жеңіл қайықты оңай аударып жібереді. Осы құбылысты адамдар «құбыжық жыланның шабуылы» деп санайды.
Мичиган көлі (АҚШ)
Мичиган көлі сырттай тыныш әрі бейбіт көрінеді. Бірақ тереңінде күшті және болжап болмайтын су ағындары бар. Олар адамды да, су көлігін де жағадан алыстатып жібере алады.
Өлі көл (Қазақстан)
Өлі көл өзінің атына сәйкес келеді, өйткені онда тіршіліктің ешбір белгісі жоқ: балықтар да, қосмекенділер де, балдырлар да. Жергілікті тұрғындар бұл көлді қарғысты деп атайды және одан аулақ жүруге тырысады. Ал одан бейхабар туристер мұзды суына жиі батады. Ең қорқыныштысы – батып кеткен адамдардың мәйіттері судан шықпай, көлдің түбінде тігінен тұрады. Ғалымдар әлі күнге дейін Өлі көлдің құпиясын аша алған жоқ. Тіпті ауа толы баллонмен түскен сүңгуірлердің өзі үш минуттан артық тұра алмайды. Содан кейін тынысы тарыла бастайды екен. Әзірге көлдің түбінде жарықшақ бар, ол уытты газды шығарады, бұл барлық тіршілік иелерін өлтіреді деген теория ғана бар.
Карачай көлі (Ресей)
Ресейдің Челябі облысында Карачай көлі орналасқан. Оның жағасында бірнеше минут қана болу ауыр дертке шалдықтырса, бірнеше сағат болу өлімге алып келеді. Жергілікті тұрғындар оның маңайынан жүрмей, айналып өтеді. Ал балық аулау кезінде мутацияланған балықтар кездескен.
1950-60 жылдары билік Мичиган көлін радиоактивті қалдықтарды сақтауға арнаған. Алдағы уақытта көлді жасыру жоспарланғанымен, бұл топырақ суларын ластанудан қорғауға көмек болмайды.
Кавах Иджен (Индонезия)
Бұл көлдің суы күкірт қышқылына толы. Суының беткі қабатының температурасы 60°C, ал түбінде 200°C дейін жетеді. Су құрамының өте агрессивті болуы соншалық, ұзақ уақыт байланыста болу ауыр күйіктерге әкеледі. Жергілікті тұрғындар көлдің жағасында күкірт жинап, қауіпті жағдайларға қарамастан жұмыс істейді. Туристерге де есік ашық, тек қорғаушы маскамен кіруге рұқсат етіледі.
Киву (Конго) және Ньос (Камерун)
Бұл көл өзінің түбінде метан мен көмірқышқыл газдарының үлкен қорларын сақтайтындықтан, нақты уақыттағы уақытша жарылыс қаупін тудырады. Егер жер сілкінісі немесе басқа да жағдайлар орын алса, бұл газдар сыртқа шығып, апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
1986 жылы Кивуға ұқсас Ньос көліндегі көмірқышқыл газының шығарылуы нәтижесінде жарылыс болып, 1700-ден астам адам, 3500 жуық жан-жануарлар қаза тапты. Бұл газ вулканнан шығып, жақын орналасқан ауылдарды алып кетті, адамдар уланған. Осы уақыттан бері көлді дегазациялау шаралары қабылданды, бірақ ол әлі де қауіпті болып қала береді.
Дайындаған: Б. МЕЙІРХАНҰЛЫ,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қай елдерде КӨШІП барғаның үшін АҚША төлейді?