Әкімдік тұрғындардың ескертулерін жинайтын арнайы жәшіктер орнатты

0
1 639

Бұл жәшіктерге тұрғындар ұсыныс, пікір және ескертулерін сала алады.


Әкімдік тұрғындардың ескертулерін жинайтын арнайы жәшіктер орнатты

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі тұрғындар үшін арнайы жәшіктер орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігі тұрғындарының ұсыныстарын, ескертулерін және ой-пікірлерін жинақтауды қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған жәшіктерді төмендегі мекен-жайларға орнатқан:

1.Абай ауданы әкімінің аппараты, Қазыбек би көшесі, 44;
2.Әкімшілік ғимарат, «Қатынкөпір» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз;
3.Әкімшілік ғимарат, «Қазығұрт» шағынауданы, К.Жандарбеков көшесі, 179;

Сондай-ақ, Абай ауданы әкімінің аудан тұрғындарының алдында 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесулерінің кестесі жарияланды:

1.№66 жалпы орта мектеп, «Қазығұрт» шағынауданы, Оңдасынов көшесі,86
Өтетін күні: 14.01.2019 жыл, Уақыты:11-00;
2. №52 мектеп-лицей, Қатынкөпір шағынауданы, Әл-Фараби көшесі,102
Өтетін күні:16.01.2019 жыл, Уақыты:11-00;
3. №81 жалпы орта мектеп, «Жаңаталап» тұрғын алабы,Т.Айдарқұл көшесі , 27
Өтетін күні: 17.01.2019 жыл, Уақыты:11-00.

дереккөз: Абай ауданы әкімінің баспасөз қызметі