Тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Биыл Шымкент қаласында 38 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бағдарлама аясында тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді.
Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады.
Былтыр қаладағы 37 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы, №12 «А» 3-қабат.