Қалада кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы құрылған.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекет басшысының «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін бір жылға ұзарту жөніндегі шешімі кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалада кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы құрылған. Фронт-офисте кәсіпкерлер бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі қызмет тұрлерін алады. Оның ішінде барлық рұқсат беру құжаттарын қаржыландыру және рәсімдеу бойынша көмек көрсетеді. Бүгінге фронт-кеңсенің қызметіне 34 мыңнан астам азамат жүгінді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылған.