COVID-19: Шымкентте 20 жағдай тіркелді

0
399

15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 5 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 20 жағдай тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 18 қараша күні КВИ-дің 20 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 19, белгілері жоқ – 1), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 5 адам үй бақылауына алынды.

Мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 733 орын бар, төсек орын толымдығы 24 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 178 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 166 төсек орын бар, 30 науқас ем қабылдауда.