COVID-19: Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

0
462

Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды.


COVID-19: Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 21 қараша күні КВИ-дің 5 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 3 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынды.
Бүгінде мамандандырылған инфекциялық стационарлардағы төсек орын толымдығы 44 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 206 науқас, жансақтау бөлімінде 35 науқас ем қабылдауда.