Екі апта газ болмайды: Шымкенттің бірнеше шағынауданында табиғи газ өшіріледі

0
754

Жөндеу-алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты уақытша өшірілетіні хабарланды.


Екі апта газ болмайды: Шымкенттің бірнеше шағынауданында табиғи газ өшіріледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2 апта бойы газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы 2021-2022 жылғы күзгі-қысқы кезеңіне дайындық шеңберінде тарату желілерінде жөндеу-алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты Шымкент қаласында төменде көрсетілген мекенжайларда газ беруді уақытша тоқтату туралы хабарлайды:


21.06-03.07.2021ж. - Тельман отд.;
21.06-03.07.2021ж. - Жайлау м/а;
21.06-03.07.2021ж. - Самал-3 м/а;
21.06-03.07.2021ж. - Северо-запад м/а; 21.06-03.07.2021ж.-Шұғыла м/а;
21.06-03.07.2021ж. - Самал-1 м/а;
21.06-03.07.2021ж. - Самал м/а;
21.06-03.07.2021ж. - Тұлпар м/а;
21.06-03.07.2021ж. - Ақжайық м/а, Асар м/а, Ипподром;
21.06-03.07.2021ж. - ГРУ Полиция;
21.06-03.07.2021ж. - ГРУ Киік-1, Толстой к-сі;
21.06-03.07.2021ж. - ГРУ-Назарбаев интеллектуалдық мектебі, ГРУ-ЖК Көк Жайлау, Дендропарк, ГРУ-Отау Строй.


Газбен жабдықтау 10:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін шектеледі. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тұрғындарға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы қызметкерлерінің үй иелігіне кіруін қамтамасыз ету және үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет (ҮІГЖ ТҚ) көрсетуге мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың көшірмесін (02.01.2021 ж. ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес) ұсынуын өтінеді.

Газ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, сондай-ақ:
- үй иелігіне рұқсат беру;
- ҮІГЖ ТҚ шарттың көшірмесін ұсынғаннан кейін қосылады.


Бұл жазбаны оқыған тұрғындар 2 апта газ болмайтынына қатысты өздерінің наразылыққа толы пікірлерін білдіруде.

Жөндеу жұмыстарына екі аптаның тым көп екенін, сонымен қатар бірден бірнеше шағын ауданды табиғи газсыз қалдыра да қонымсыз екенін білдіріп жатыр.