​Франциялық туристерді Шымкенттің бас полицейі күтіп алды

0
1 215

Полицейлер көліктеріне қауіпсіз тұрақ тауып беріп қана қоймай, оларға қаланың көрікті жерлерін аралатты.


​Франциялық туристерді Шымкенттің бас полицейі күтіп алды

Шымкентке келген француз отбасы шымкенттік полицейлердің қонақжайлығына разы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Франциядан келген Брайнт отбасы Қазақстанға алғашқы рет келіп отыр. Олар полицейлердің қонақжайлылығы мен қонақтарға деген ерекше ықыласына таң қалды. Өйткені, полицейлер көліктеріне қауіпсіз тұрақ тауып беріп қана қоймай, оларға қаланың көрікті жерлерін аралатты.

Қонақтардың қасында ағылшын тілін жетік меңгерген Шымкент қ. ПД-нің полиция аға лейтенанты Төлеген Боранбаев аудармашы-гид болып жүрді.

Сондай-ақ, туристерді қаланың бас полицейі Ералы Жумаханбетов өзі қарсы алып, Шымкентке 2020 жылы ТМД мәдени астанасын атап өтуіне орай тағы да қонақ болуға шақырып, оларға сәттілік тіледі.

Дереккөз: Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі