1997 жылы туған Александр сыбайлас досымен бірге көршінің 37 жастағы əйелін жауыздықпен азаптап өлтіргені анықталды.
Шымкенттегі Қайнарбұлақ елдімекенінде дүйім жұртты дүр сілкіндірген жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. 37 жастағы көрші əйелді азаптап өлтірген екеудің бірі құрықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
1997 жылы туған Александр сыбайлас досымен бірге көршінің 37 жастағы əйелін жауыздықпен азаптап өлтіргені анықталды. Александрдың өзі қазір қамауда. Оның қандықол сыбайласын тəртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Жаға ұстатқан бұо қанды оқиғаға қатысы бар тағы үш жас жігіт анықталды. Оның екеуі небəрі 19 жаста болса, енді бірі тіпті кəмелет жасына да толмаған болып шықты.
Оқиға былай өрбіген. Биылғы жылдың наурыз айында Шымкент қаласындағы Қайнарбұлақ саяжайында 21 жастағы Александр өзінің досыен бірге көрші 37 жастағы əйелді азаптап өлтіреді. Онымен қоймай, сол төңіректің өздерінен жасы кіші үш баласын шақырып алады. Жастарының үлкен екендігін пайдаланып, үш жас жігітке қысым көрсетіп өлген əйелдің денесін тілімдеп, одан бетер жарақаттатып жауыздық зорлық əрекеттірн жасауға мəжбүрлеген. Қаны қарайған Александр сыбайласы екеуі үш жас жігітке өлген əйелдің денесін көміп тасатуды бұйырады.
Бұл қанды қылмыстық оқиғаға жасы кəмелетке толмаған тұлғаның да қытысы болуы себепті сот процесі жабық режимде жүрізілетін болды.