Қала әкімі «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы басшысының есебін тыңдады

0
2 837


Қала әкімі «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы басшысының есебін тыңдады

Шымкент қаласы әкімі «Шымкент – адалдық алаңы» жобасы басшысы Е.Төлебаевтың есебі тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Шаһар әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Аталған мәжілісте Өз баяндамасында Ерасыл Әшірбайұлы Мемлекет басшысының «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату тапсырмасына сәйкес «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылғандығын жеткізіп, жобалық кеңсенің құрамымен таныстырды.

«Жобаның міндеті –азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру болып табылады. Жоба тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз қызметін жүзеге асырады», - деді Е.Төлебаев.

Сондай-ақ, мәжілісте «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жоспары мен оны жүзеге асыру барысы талқыланды. Отырысты қорытындылаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жоспарларына қолдау білдіріп, жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бірлесе жұмыс жасауға тапсырма берді.