Мәліметтерге сүйеніп қарайтын болсақ, 17 қазан Абай ауданы бойынша - 424-тен 183 үй, Әль-Фараби ауданы бойынша- 613-тен 161 үй, Қаратау ауданы бойынша - 383 үйдің 265-і, Еңбекші ауданы бойынша - 528 үйдің 259-і.
Көп қабатты үйлерді жылу жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы, Шымкент қаласының тұрғын үйлерінде жылыту жұмыстарын жүргізу басталған болатын.
Мәліметтерге сүйеніп қарайтын болсақ, 17 қазан Абай ауданы бойынша - 424-тен 183 үй, Әль-Фараби ауданы бойынша- 613-тен 161 үй, Қаратау ауданы бойынша - 383 үйдің 265-і, Еңбекші ауданы бойынша - 528 үйдің 259-і.
Сондай-ақ, 41 штаттан тыс жағдайлар да тіркелген, Абай ауданы бойынша - 11, Әл-Фараби бойынша - 10, Қаратау бойынша - 0, Еңбекші бойынша - 20. Бұдан өзге ақпаратқа сүйенсек, бюджеттік мекемелер де қосылды: Білім беру саласы бойынша 227 нысанның 224-і, денсаулық сақтау - 78-ден 77, спорт - барлығы 5, мәдениет - 60-тан 46, әлеуметтік нысандар - жалпы саны 3 қосылған.
Жылу жетпеген тұрғындарға алдағы уақытта жылумен қамтамасыз етужұмыстары жалғасын табатындығын айтады мамандар.