"Нан алуға шыққан": Шымкентте тәртіпсіздік кезінде балаға көмектесемін деген студент оқ тиіп жараланды

0
721

Үйінен дүкенге шыққан жігіт ес-түссіз жатқан балаға көмектескен кезінде жарақаттанған.


Шымкент қаласында болған тәртіпсіздік кезінде Астана медицина университетінің 5 курс студенті Әмір Сағындықов оқ тиіп жараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үйінен дүкенге шыққан 21 жастағы жігіт ес-түссіз жатқан балаға көмектескен кезінде жарақаттанған.

Бұл туралы Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазіргі таңда Әмір өз-өзіне келген. Жағдайы бір қалыпты, медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды. Бұл оқиға да ең қызық жері бар… Әмір жарақатты 5 қаңтар күні дүкенге нан алуға шыққанда алған. Дүкен жабық екенін көріп, қайтар жолда ес-түссіз жатқан балаға көмек сұрағандарға барады. Медицина мамандығының студенті болғандықтан көмек көрсетеді, балада пульс болмаған соң жүрекке қолмен массаж жасаған. Осы сәтте белгісіз жақтан, белгісіз адамнан атқан оқ аяққа тиеді. Әмірдің әкесі осы кезде келіп баланы ауруханаға жеткізді, – дейді ол.

Аталған оқиға бойынша Шымкент Полиция департаменті әлі ақпарат бермеді.