Сала мамандары өз тақырыптары бойынша видеороликтер дайындап, семинар соңындағы студенттердің сұрақ жауабымен ұласты.
Шымкенттік полицейлер нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіретіні, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі он есе артқаны, уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағаны ұлт болашағына төнген нақты қауіптердің бірі екенін атап айтты.
Осыған орай, 2022 жылдың 11-қазанында М.Әуезов атындағы ОҚУ Заң факультетінің бас ғимаратында есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Нашақорлық және қылмыс» атты тақырыпта кездесу өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қанатұлы Карбеков, Шымкент қаласының Психикалық денсаулық орталығының дәрігері Раушан Асанқызы Баймурунова, Шымкент қаласының Ренессанс жекеше оңалту орталығының жетекші маманы Анатолий Николаевич Ичетовкин және факультет деканы Қ.Р. Сарықұлов қатысты. Факультет студенттеріне аталған тақырыпта семинар өткізіп, есірткінің бүкіл әлемде, сондай-ақ, Қазақстанда таралуының алдын алу мәселелеріне байланысты көптеген фактілер айтылды.
Есірткі құралдарын тұтыну құрылымы жыл сайын өзгеріп отыратындығы – таралу формулалары үнемі жаңартылып отыратындығы жаңа синтетикалық препараттар пайда бола отырып, әлеуметтік желілердегі арандатушылықтың алдын алу мәселелері айтылды.
Сала мамандары өз тақырыптары бойынша видеороликтер дайындап, семинар соңындағы студенттердің сұрақ жауабымен ұласты.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 300-ден аса есірткінің заңсыз айналыммен қоса, түрлі құқық бұзушылығы анықталды.