ШЫМКЕНТ: №10 колледждің қосымша оқу корпусының құрылысы тамызда аяқталады

0
566

Құрылыс жұмыстары былтыр маусым айында басталған болатын.


ШЫМКЕНТ: №10 колледждің қосымша оқу корпусының құрылысы тамызда аяқталады

Шымкент қаласының әкімі Сайрам тұрғын алабы Ю.Сареми көшесіндегі №10 колледжінің қосымша оқу корпусының құрылыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Құрылыс жұмыстары былтыр маусым айында басталған болатын. Жоба бойынша 300 орындық оқу корпусы, 200 орындық асхана, 200 орындық АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған.
Бас мердігер «Авторемстрой ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр. Шаһар басшысы жауапты мердігер мекеме басшыларына құрылысты сапалы және мерзімде аяқтауды тапсырды.