ШЫМКЕНТ: 2 күн ішінде 2658 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

0
824

2 күндік іс-шара мақсаты - қаладағы жол көлік қозғалысын бақылау, ішкі тәртіпті қадағалау, жол ережесін сақтау бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу


ШЫМКЕНТ: 2 күн ішінде 2658 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Шымкентте 2 күннің ішінде 2658 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 қыркүйек аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармалары мен Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару түріне көшіріліп, нарядтар қала аумағында орналасқан автовокзал мен автобекеттердің жанына жақындатылды.

2 күндік іс-шара мақсаты - қаладағы жол көлік қозғалысын бақылау, ішкі тәртіпті қадағалау, жол ережесін сақтау бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу.

Тексеріс барысында қала бойынша 2658 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Оның ішінде :

  • Жүргізушілердің еңбек және демалу режимін бұзуы – 5;
  • КҚ жалған және қолдан жасалған МТНБ басқару – 8;
  • Заңсыз қайта жабдықтау – 11;
  • Рейс алдындағы міндетті тех. және медициналық байқаудан өтпеу – 4;
  • КҚ міндетті техникалық байқаудан өтпеу – 35;
  • Ұялы телефон пайдалану – 168;
  • Қауіпсіздік белдігін пайдалану – 393;
  • Маневр ережесін бұзу – 61;
  • Қозғалыстың қарсы жолағына шығу – 9;
  • Бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кету – 29;
  • Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу – 23;
  • Авариялық жағдай туындату – 6;
  • Теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу – 10;
  • Көлік құралын мас күйде басқару – 8;
  • Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы – 59;
  • Жаяу жүргінші – 108;
  • Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны – 47.