Оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны -785 адам.
Шымкент қаласында 2022 жылдың 3 айында 3800 азаматқа әлеуметтік сараптама қызметі көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысыБахтияр Өнербаев баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.
«Осы жылдың 3 айында МӘС қызметін 3800 азамат алды. Оның ішінде алғашқы рет куәландырылғаны -785 адам. Оның 751-не мүгедектік тағайындалды (68-і брінші топ, 297-сі екінші топ, 203-і үшінші топ). Ал 7 жасқа дейінгі 183 бала мүгедек санатымен танылды. Сонымен қатар мүгедек деп танылған 498 ересектің 440-ы еңбекке жарамды жаста болса, 58-і зейнеткерлік жастағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, - деді Бахтияр Әлтайұлы.
Спикердің сөзінше, 2022 жылдың 3 айы бойынша МӘС әдіснама және бақылау бөлімінде арыз бойынша 101 (45) адам куәландырылып шешімдері өзгеріссіз қалдырылған. Бақылау бойынша – 13 (25) адам қайта куәландырудан өтіп 5-нің шешімдері өзгертілген.