Шымкентте нақты акушер-гинекологтар, педиатрлар, анестезиолог-реаниматологтар, фтизиатрлар, кардиологтар, неонатологтар, психиатрлар жетіспейді.
Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден
Бүгінде Шымкент қаласында дәрігерлік кадрлардың жалпы тапшылығы 74 адамды құрайды. - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл жөнінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасындағылар мәлімдеді. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалалық мемлекеттік денсаулық сақтау секторында 11 235 қызметкер, оның ішінде 2 401 дәрігер жұмыс істейді. Қалада акушер-гинекологтар, педиатрлар, анестезиолог-реаниматологтар, фтизиатрлар, кардиологтар, неонатологтар, психиатрлар сұранысқа ие. Яғни, шымшаһарды дәрігерлік кадрлармен қамту шамамен 90%-ды құрап отыр.
Ал, 2018 жылы біліктілікті арттыру Жоспарына сәйкес қалада 2 154 дәрігер оқытылған болатын. Орта медицина қызметкерлерінің жалпы саны – 3 905. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін 61 жас маман жұмысқа қабылданған. Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу шеңберінде денсаулық сақтау басқармасы келесі жұмысты жоспарлайды:
- "7-20-25" бағдарламасы бойынша үйге мұқтаждарға пәтер беру.
- Жергілікті бюджет есебінен тапшы медициналық кадрларды оқыту мәселесін шешу.