ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданы келесі жылы ауыз сумен толық қамтылады

0
620

Ауыз сумен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген.


ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданы келесі жылы ауыз сумен толық қамтылады

Шымкент қаласы Асар-2 шағынауданы келер жылы ауыз су, газ, электр жарығымен толығымен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданы 279 гектар аумақта орналасқан. Онда 3700 отбасы тұрады. Бір мектеп пен бір балабақша бар. Шағынауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе.
Асар шағынауданына – 2 139 электр бағаналары орнатылды, 24 КТПГ сатып алынып нысан басына жеткізілді, 30 км электр желісі тартылды. Нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды. Егжей-тегжей жоспарлау жобасының өзгеруіне байланысты жобаға енбей қалған 1000 үй бойынша ЖСҚ жасалынуда. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң, бюджетке ұсынылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Ауыз сумен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. 1-кезекте ауыз су жүйесі 2700 үйге жүргізілген. 2-кезекте қамтылмаған мың үйге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталмақ.
Аталған шағынауданда 2700 үй мемлекеттік табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған 1000 үйді қамту бойынша биыл құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Асар шағынауданында 3 көше асфальтталған, 35 көшеде тас жол. Биыл Күншоғыр және атауы жоқ №3, №4 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. 2023 жылы 5,8 шақырым, 2024 жылы 9,5 шақырым жолда құрылыс жүргізіліп, 2025 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 100% орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда.