Шымкент әуежайы аукционға шығарылды

0
799

Шымкент әуежайы әуе рейстерінің барлық түрін қабылдайтын халықаралық әуежай.


Шымкент әуежайы аукционға шығарылды

ERNUR.KZ Құны 5,69 млд теңгеге бағаланған Шымкент әуежайының сенімгерлік басқаруға беру аукционы 2022 жылдың 9 ақпанына белгіленген, деп жазады inbusiness.kz

“Шымкент Әуежайы” АҚ-ның аукционына бір ғана ұйым қатысатын болса да сатылымға шығарылатын болады. Тендерде әуежай жұмыстарын жақсарту, қызмет бейінін сақтау мен өндірістік үй-жайларды, перрон жабдығы мен өзге де техникалады жаңарту шарты қойылған. Мұнда 80% 1963-1999 жылдар аралығында салынған негізгі өндірістік және қосалқы ғимараттар бар. Қазір де пайдалынылып жатқан бұл ғимараттар айтарлықтай тозған”, – деді компанияны бағалау есебі.

Шымкент әуежайы әуе рейстерінің барлық түрін қабылдайтын халықаралық әуежай. Мұнда ҚР-ның барлық облыстарына, алыс-жақын шет ел қалалары мен ТМД елдеріне жүретін тұрақты рейстер бар.