ШЫМКЕНТ: ​БАҚ өкілдері Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен танысты

0
385

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған.


ШЫМКЕНТ: ​БАҚ өкілдері Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен танысты

Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-кезеңі Терешкова көшесінен Бөгет кешесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС -гіне жүктелген.
Құрылыс жұмыстарының барысын журналистерге таныстырған қала әкімінің орынбасары М.Исахов Қонаев даңғылы жалғасы құрылысы кестеге сай жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Сонымен бірге мұндағы жұмысшылардың қауіпсіздігі мен құрылыстың сапасы басты назарда екенін жеткізді.
Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 метр екі бағытты айналма темір жолын, 948 метр кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалды.
Қазіргі уақытта, тіреу қабырғаларын құю 240 метр, инженерлік желілердің орнын ауыстыру мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру сынды жұмыстар жүргізілуде.