ШЫМКЕНТ: Биыл 14 мыңнан астам тұрғын цифрлық сауат арттыру курсына қатысады

0
685

Өткен жылы 13 мың тұрғын цифрлық сауаттылығын арттырған.


ШЫМКЕНТ: Биыл 14 мыңнан астам тұрғын цифрлық сауат арттыру курсына қатысады

Шымкентте биыл 14 мыңнан астам тұрғын цифрлық сауат арттыру курсына қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкенттің 13 мың тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырған. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасады. Биыл 14 700 тұрғын цифрлық сауат ашу курсына қатысады деп жоспарлануда.

Бұл жобаның мақсаты - тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электронды қызметтерді, үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және алаяқтықтан сақтану.

Қазіргі таңда оқу курстары қалалық қызметтер мен сервистердің i-shymkent.kz порталында орналастырылған. Оқу мынадай бағыттардан тұрады:
1. «Базалық дағдылар» (Дербес компьютермен, ноутбук, мобильді құрылғылар, интернетпен сенімді жұмыс істеу, «MS Office» нұсқаулығы, «Windows 10»-да тапсырмалар тақтасын пайдалану);
2. «Е-коммерция» (веб-сайт түрлері және олардың артықшылығы, веб-сайтты сүйемелду (SEO), Instagram-ды мақсатты баптау негіздері, SMM);
3. «Ашық үкімет» порталы (Ашық бюджеттер, ашық деректер, ашық диалог, ашық НҚА);
4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» (киберқауіпсіздік, алаяқтық түрлері, дербес деректерді қорғау);
5. «Электронды үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдары (еgov.kz, Мобильді азаматтар базасында тіркелу жөніндегі нұсқаулық, электронды қызметтерді алу).
Айта кетейік, Үкімет қаулысымен бекітілген бірыңғай тізбеге сәйкес ашық үкімет порталының ашық деректер блогында 13 сала бойынша 62 дерек жиынтығы орналастырылды. Өзектілік үлесі 100 пайызды құрайды. Интернет-ресурста және ресми парақшаларда, қалалық цифрландыру басқармасының әлеуметтік желілерінде «Ашық үкімет» порталының 4 бағытын таныстыру мақсатында анонстар жарияланады.