ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер қала тұрғындарын жолдамасыз әрі ТЕГІН қабылдайды

0
1 403

Акцияға қатысу арқылы әр тұрғын медициналық тексеруден тегін өте алады


ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер қала тұрғындарын жолдамасыз әрі ТЕГІН қабылдайды

Шымкент қаласында 1-21 тамыз аралығында «Денсаулық жолы» акциясы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Акция аясында қала тұрғындарын дәрігерлер жолдамасыз әрі тегін қабылдайды.

Акция аталған орындарда сағат 10.00-17.00 аралығында өтеді:
● 1 тамыз күні Пахтакор елді мекеніндегі «Қара жол» дәрігерлік амбулаториясы;
● 2 тамыз күні Мәртөбе елді мекені;
5 тамыз күні Жыланбұзған елді мекені;
6 тамыз күні Темірші әулие елді мекені;
7 тамыз күні Жаңаталап елді мекені;
8 тамыз күні Игілік елді мекені;
9 тамыз күні Жиделі елді мекені;
12 тамыз күні Асар 2 елді мекені;
13 тамыз күні Қайнарбұлақ елді мекені;
14 тамыз күні Ақжар елді мекені;
15 тамыз күні Құрсай елді мекені;
16 тамыз күні Шапырашты елді мекені;
19 тамыз күні Тұрдыабад елді мекені;
20 тамыз күні Сайрам елді мекені;
21 тамыз күні Өтеміс елді мекені.

Сонымен қатар, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында кардиолог, терапевт, эндокринолог сияқты бейінді мамандарды тарту арқылы артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза, физикалық параметрлер деңгейін, денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзету арқылы жеке қауіпті анықтау үшін дене салмағы индексін анықтаумен «Ашық есік күндері» өтетін болады.