ШЫМКЕНТ: «eQonaq» жүйесі арқылы 40 мыңға жуық турист тіркелді

0
582

Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: «eQonaq» жүйесі арқылы 40 мыңға жуық турист тіркелді

Шымкент қаласына келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылған болатын.
Ақпараттық жүйе арқылы мегаполиске келген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе «Egov» порталына кіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады. Бұл туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған жүйе. Бүгінгі күнге дейін базада 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген.
Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған.