Нәтижесінде сотта 226 сотталғанның ізгілендіру заңының нормасын қолдану туралы өтініш хаты қаралуда.
Шымкент қаласының прокуроры қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысымен бірге қадағалау аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында сотталғандарға ізгілендіру заңнамасының нормалары, заңның жеке ережелерінің қолданылу негіздері түсіндірілді.
Прокуратура қызметкерлерімен тұрақты түрде қоғамнан оқшаулау орындарында ұстаудағы тұлғаларға құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде сотта 226 сотталғанның ізгілендіру заңының нормасын қолдану туралы өтініш хаты қаралуда. Қазіргі кезде сотпен осындай 29 өтiнiшхат қанағаттандырылған, өзгелері қаралу сатысында.