Шымкент қаласында жаңа екі индустриалды аймақ құрылады

0
871

Е.Айтаханов Чех Республикасының елшісі Рудольф Гиклмен кездесті.


Шымкент қаласында жаңа екі индустриалды аймақ құрылады

Шымкент қаласына Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл келіп, қала әкімімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бары жайында сөз қозғап, Чехия университеттерінде шамамен 2000 қазақстандық студенттер оқитынын айтқан Е.Айтаханов білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.


Сондай-ақ, әкім Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктеріне де тоқталып өтті.

«Біз Шымкент қаласынан студенттерді Чехияға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жібере аламыз. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласына Чех кәсіпкерлерін инвестиция салуға шақырар едім. Біздің өңірде бизнес климатты дамытуға барлық жағдай жасалған. Қалада екі индустриалды аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақ сәтті жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта жаңа екі индустриалды аймақ құрылатын болады. Осы аймақтардағы жобаларға қатысуға Чех инвесторларын шақырамын», -деді Е.Айтаханов Чех елшісіне.


Сонымен қатар, өз кезінде мәртебелі мейман Қазақстан мен Чехия арасында тұрақты саяси диалог жүргізіліп келе жатқанын айтып, Қазақстанның түрлі аймақтарымен, соның ішінде Шымкент қаласымен де қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін жеткізді.

дереккөз: Шымкен қаласы әкімдігі