Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестор «СпецавтоматикаСервис» ЖШС арқылы талшықты оптика желісі жүргізілуде.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес Қазығұрт шағын ауданында интернет мәселесі шешімін табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде мұндағы тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестор «СпецавтоматикаСервис» ЖШС арқылы талшықты оптика желісі жүргізілуде.
Атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысу үшін Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов аталған аумаққа барып, инвестормен кездесті.
Жоспар бойынша тиісті жұмыстар екі ай көлемінде аяқталып, тұрғындарға сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімді болмақ.