ШЫМКЕНТ: мәжілісте өзекті мәселелерді шұғыл шешу тапсырылды

0
245

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жаңа жылдық безендірілудің тұжырымдамасы мен дайындығын таныстырды.


ШЫМКЕНТ: мәжілісте өзекті мәселелерді шұғыл шешу тапсырылды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілістің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Айнур Исабекова әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот қаулыларын орындау шеңберінде тәркіленген материалдарды жергілікті атқарушы органдарға берудің мәселелерін баяндады. Бұл ретте қала әкімі сала басшыларына бюджетке салмақ салмай, қолданыстағы қоймаларды тиімді пайдалануды тапсырды.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жаңа жылдық безендірілудің тұжырымдамасы мен дайындығын таныстырды. Қала әкімі жауаптыларға аталған мерекені эстетикалық талғаммен, креативті түрде ұйымдастыру бойынша тапсырма берді.
Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың БАҚ және қоғаммен өзара іс-қимылының мәселелері туралы баяндады. Қала әкімі сала басшыларына азаматтардан түскен өтініштерге сапалы жауап беріп, өзекті мәселелерді шұғыл шешуді атап өтті.
Сонымен қатар қала басшысы ретсіз саудамен күресті жүргізе алмаған, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлеріне шара қолдануды ескертті. Алдағы ауа райының қолайсыздығын ескерген қала басшысы су алу қаупі бар аумақтарда тиісті шараларды жүргізіп, көпқабатты тұрғын үйлерде жылу сапасын қадағалау қажеттігін айтты.
Бөлісу