​ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселесі бойынша талдау нәтижелері талқыланды

0
315


​ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселесі бойынша талдау нәтижелері талқыланды

Шымкент қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары С.Мүксімовтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жиында қатысушылар бюрократиядан арылту бағытында жүргізілген талдау нәтижелерін қарастырды.

Айта кетейік, ҚР Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметіне талдау жүргізген болатын.

Агенттіктің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша басқармасының басшысы Ж.Жүніс Шымкент қаласы әкімдігінің қызметіндегі бюрократиялық проблемалар мен оларды жою бойынша ұсыныстар туралы баяндама жасады.

Жиын соңында іс-шараға қатысқан жұмыс тобының пікірлері тыңдалып, аталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.