Американың UOP компаниясының технологиясы негізінде жылына 2 миллион тонна шикізат беру қуатына ие RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы орнатылды.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында басты технологиялық операция – каталиттік крекинг реакторына шикізат қабылдау жұмысы орындалды, деп хабарлайды ERNYR.KZ кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде зауытты жаңғырту және қайта құру жобасының соңғы кезеңі басталды.
«15 тамызда сапасы жоғары өнім шығаруды бастадық. Американың UOP компаниясының технологиясы негізінде жылына 2 миллион тонна шикізат беру қуатына ие RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы орнатылды», - деп мәлімдейді кәсіпорын өкілдері.
RFCC кешені зауытта мұнайды өңдеуді одан әрі тереңдетуге, сапасы жағынан К-4 және К-5 экологиялық кластарына сәйкес келетін бензин мен дизель шығаруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Шымкент МӨЗ жаңғырту жобасы, жоспар бойынша, 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталуы тиіс.