Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 28-30 наурыз аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен 275 қару иесі тексеріліп, оларда 32 әкімшілік құқық бұзушылық, яғни, қарудың сақтау ережелерін бұзған 24 қару иесі және қайта тіркеу тәртібін бұзған 8 қару иесі анықталды. Заңсыз айналымнан 5 бірлік қару тәркіленді.