ШЫМКЕНТ: “Рамазан call-орталығы” 3 мыңнан астам сұраққа жауап берген

0
692

Рамазан call-орталығына хабарласып, діни ақпараттарға жауап алуға болады.


ШЫМКЕНТ: “Рамазан call-орталығы” 3 мыңнан астам сұраққа жауап берген

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған Шымкент орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының келуіне орай діни ақпарат беру үшін арнайы «Рамазан call-орталық» жұмыс жасайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы бастаған 13 маманға қосымша қала мешіттерінің кезекші мамандарға жалпы саны 3310 сұрақ келіп түскен. Оның 750-сі call-орталық телефоны арқылы болса, 2560 сұрақ тікелей жеке кездесу барысында жауап берілді. Жалпы, қасиетті Рамазан айының алғашқы 14 күндігіде келіп түскен 3310 сұраққа жауап берді.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша «Рамазан call-орталық» 8-708-478-48-72 нөріміне хабарласып, діни ақпараттарға жауап алуға болады.