ШЫМКЕНТ: Рысқұлов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

0
476

Көшенің жалпы ұзындығы төрт жолақты 4,1 шақырымды құрайды.


ШЫМКЕНТ: Рысқұлов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Шымкенттегі Рысқұлов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы маңызды нысандардың бірі – Т.Рысқұлов көшесі. Т.Рысқұлов көшесі - көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елдімекендермен біріктіретіндіктен басты магистралды көшелердің бірі болып табылады.
Т.Рысқұлов көшесіндегі (Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Мегаполистің маңызды көшесі саналатын бұл жолдың құрылыс жұмыстары «Шымкент Дор Строй» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Шымкент Күрделі Құрылыс» ЖШС-гі.
Көшенің жалпы ұзындығы төрт жолақты 4,1 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 7см, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5см құрайды.
Құрылыс жұмыстарын толығымен жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.