Шапырашты тұрғын алабында 1200-ден аса тұрғын қоныстанған.
Шымкент қаласы Шапырашты тұрғын алабында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаратау ауданына қарасты Шапырашты тұрғын алабында 1200-ден аса тұрғын қоныстанған. Бүгінде мұнда инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жоспарға сай жүргізілуде.
Аталған тұрғын алап электр жарығымен жәнк ауыз сумен толық қамтылған.
Аталған тұрғын алап электр жарығымен жәнк ауыз сумен толық қамтылған.
Табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 90 пайызды құрайды. Саяжай көшесі аумағындағы үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
13 көшенің тоғызы асфальт жол, төртеуі тас жол. 2021 жылы 2 көшеге (Шатемір, Шырынбек ата) асфальт төселсе, биыл 1 көшеге, келесі жылы 3 көшеге (Байзақов, Наурызбай батыр, 2,3 көшелер) асфальт төсеу жоспарға енгізілген.
Қазіргі таңда үш көшеге жарықшамдар қойылған. 2023 жылы Байзақов, Саяжай көшелері жарықтандырылады.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында оптика желісін енгізу 2024 жылға жоспарланған.