ШЫМКЕНТ: Суға кеткен әйелдің мәйіті екі күннен кейін табылды

0
781

1977 жылы туылған әйел үйінен шығып кетіп, қайтып келмеген.


ШЫМКЕНТ: Суға кеткен әйелдің мәйіті екі күннен кейін табылды

Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағы суға кеткен әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 2022 жылғы 10 сәуірде сағат 22:08-де ер азаматтан Еңбекші ауданының Жылан бұзған ауылында 1977 жылы туылған әйел адам сағат 15.00-де үйден шығып, қайтып келмегені туралы хабарлама келіп түсті. Туыстарының болжамы бойынша суға түсіп кеткен", - делінген ведмство таратқан ақпаратта.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі құрамында 7 адам және 1 кинологиялық есеп іздестіру жұмыстарына шыққан. Суда іздестіру жұмыстары Жылан бұзған ауылының аумағынан ағып өтетін ені 3 метр, тереңдігі 2-2,5 м құрайтын суармалы каналда жүргізілген.

Іздестіру жұмыстары 2 тәулік бойы жүргізіліп, нәтижесінде 11 сәуірде сағат 12.15-те 1977 жылғы әйел адамның денесін судан шығарып алған.

"Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасақтың 11 қызметкері, 2 бірлік техникасы және 1 кинологиялық есеп, Полиция департаментінің 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы, 30 адам ауыл тұрғындары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.