ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңесі өтті

0
648

2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамыту назарға алынды.


ШЫМКЕНТ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңесі өтті

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен МКД басшылығының екіжақты кездесуі аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жаңа тәсілдері, фискалдық органның қатарларының тазалығы мәселелері, сондай-ақ кеден және салық қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды жою бойынша бірлескен қызмет жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Б.Қарымсақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары Д. Қожабаевтың төрағалығымен 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі дамыту назарға алынды.
Іс-шара барысында Д.Қожабаев «мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттыруға, олардың әлеуметтік жағдайын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінетінін» атап өтті. Сонымен қатар шенеуніктер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда игіліктер мен артықшылықтардан айырылатын кері тетік енгізілетін болады.
Бұл шаралардың нәтижесі мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары болуы болмақ, онда жемқорлық тәуекелдері материалдық жағынан тиімсіз болады”, - деп атап өтті спикер.
Алдын алу бағыты бойынша қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау институттарын дамытуға, оның ішінде жобалық тәсілді қолдана отырып дамытуға аударды.
Департаменттің Превенция басқармасының басшысы А.Колосков сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою процестеріндегі қоғамдық кеңестердің маңызды рөлі туралы хабарлады.
Сондай-ақ олардың жобалық басқару қағидалары шеңберінде үлгілік базалық бағыттардың іске асырылуын бақылаудағы орны айтылды.
Өз кезегінде МКД басшысы Бейбіт Қарымсақов өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес мәселелерінде қағидатты ұстанымын білдіре отырып, салық және кеден бөлімшелері қызметіндегі кемшіліктер мен оң аспектілерді атап өтті.
Іс-шара соңында тараптар мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, сондай-ақ МКД еңбек ұжымы мен халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бірлескен жұмыс туралы келісті.