ШЫМКЕНТ: Тәшенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
487

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Тәшенов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Ж.Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ж.Тәшенов көшесі - көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Ж.Тәшенов көшесі қазіргі уақытта Н.Төреқұлов көшесінен Төлеби көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жобаның сметалық құжаттарында жалпы 35400м2 аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған.
Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстарын қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.
Ж.Тәшенов көшесінің құрылыс жұмыстары «Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Expert-M» ЖШС-гі.