ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша жиналыс өтті

0
1 268

Биыл 60 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша жиналыс өтті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша онлайн-жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кету керек, каламыздағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімдіктегі барлық жиналыс, іс-шаралар онлайн өтетін болып бекітілді.
Көп қабатты тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасады. Жиында қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы А.Рысжанов өткен жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы жоспармен таныстырды.
Өткен жылы қаладағы 36 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу шаралары жоспарланған болатын. Оның ішінде 11 көпқабатты тұрғын үйге (оның ішінде: Нұрсәт ш.а. № 130, 134А, 134Б, 135А, 135Б, 135В, 212, 216, 14 және Желтоқсан көшесі №№19, 19А) ағымдағы жөндеу және 25 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
Қала тұрғындарының өтініштері негізінде биыл 60 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Қала әкімі Жаңғырту бағдарламасының 2022 жылға арналған Жол картасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды өз мерзімінде және сапалы атқарылуын, жоспарланған 60 үйдің жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мпқсатында тиісті құжаттардың әзірлеуін тапсырды. Одан бөлек, тұрғын үйді күтіп ұстауға мән беру қажеттігін айтты.

- Мемлекет басшысы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды тапсырды. Себебі көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, күтіп-ұстау, оларға қызмет ету ең басты және өткір де өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Басқарудың жаңа нысанына өткен немесе өтпеген тұрғын үйлермен әлі де түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл үйлердің ерте тозбауына айрықша әсер етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек" - деді әкім.