Шымкентте 170-ке жуық нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
842

Оның 134-і жаңа нысандар болса, қалған 34-і өткен жылдардан өтпелі нысандар.


Шымкентте 170-ке жуық нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкентте 168 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов 2021 жылдың I-тоқсанында атқарыған жұмыстарды баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда қалада құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 168 нысан қамтылған. Оның 134-і жаңа нысандар болса, қалған 34-і өткен жылдардан өтпелі нысандар. Жыл қорытындысы бойынша 155 нысан (248,8 шақырым) пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, құрылыс-қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, орташа жөндеу – 138.
2021 жылдың 1-тоқсанында жоспар бойынша құрылыс жөндеу жұмыстары бастау алып, 1,1 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде, ауқымды жобалар – Қонаев-Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық, Қонаев даңғылы жалғасының 1-ші және 3-ші кезеңдері, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңі.
Ағымдағы жылы іске асыру жоспарланған орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары қыркүйек айында толығымен аяқталады.