Шымкентте екі өзбекстандық газдан уланып көз жұмды

0
1 209

Үш Өзбекстан азаматы жалдамалы қосалқы үйде (времянка) иіссіз газдан уланып қалған. Екеуі қайтыс болған. Біреуі...


Шымкентте екі өзбекстандық газдан уланып көз жұмды

Шымкентте тағы да екі адам улы газдан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

13 қараша күні үш Өзбекстан азаматы жалдамалы қосалқы үйде (времянка) иіссіз газдан уланып қалған. Олар мұнда жалданып жұмыс істеуге келген екен. Үшінші ер адам қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Қайғылы жағдай болған үйді мұқият қарап шыққан мамандар үйде желдеткіш арналардың мүлдем болмағандығын анықтаған.

Жалданып жұмыс істеген көрші елдің үш азаматы бөлмені жылыту үшін электр құрылғысы мен төрт конфорлы газ плитасын пайдаланған. Əрі қосулы газ көздеріне кірпіш қойып жүрген көрінеді. Ақыр соңы осындай қайғылы жағдайға алып келді. Нəтижесінде 42 жəне 35 жастағы екі ер адам улы газдан уланып қайтыс болды. Ауыр халде ауруханада ем қабылдап жатқан азамат 1983 жылы туған.

Айта өтейік, бір күн бұрын ғана иəссіз газ өрімдей 18 дегі екі жас пен 1956 жылы туған ер адамның өмірін жалмаған еді. Мамандар тұрғындарға аса сақ болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.