Күдіктілер жәбірленуші тарапты қорқытып жатыр.
Шымкентте 20 жастағы қызға бір топ жігіт зорлық көрсеткен, деп хабарлайы ERNUR.KZ zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы айтқан 20 жасар қыздың адвокаты Айман Умарова өз сөзінде:
«Менің бір ісім бар – ол бір топ жігіттің 20 жасар қызды зорлауы. Ол жігіттер қазір қашып жүр. Ал Шымкент қаласы Абай аудандық ІІБ Полиция қызметкерлері оларды іздемей жатыр. Негізі күдіктілерді ұстауға мүмкіндік бар, бірақ олар екі тараптың татуласуына мүмкіндік беріп отыр. Бірақ бұндай зорлық кезінде қандай татуласу болуы мүмкін? Қазір күдіктілер «егер жәбірленуші тарап бізді кешірмесе, біз оларды қарғаймыз» деген хабар таратып жатыр. Бұл миға сыймайтын жағдай ғой», - дейді.