Шымкентте 67 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

0
638

67 жастағы тұрғын медициналық мекемеге жетпей, көз жұмды.


Шымкентте 67 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

Шымкентте ресейлік нөмірлі көлік зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумағында ресейлік нөмірлі Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде кесіп өтіп бара жатқан азаматты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 67 жастағы тұрғын медициналық мекемеге жетпей, көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Автомобильді басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процестік шешім қабылданатын болады.