Шымкентте бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды

0
848

Алайда медициналық ұйымдарға, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда және үй карантині жағдайында бетпердені кию міндетті.


Шымкентте бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова брифинг барысында мәлімдеді.
«Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес қаладағы шектеу шаралары жеңілдетілді. Үй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Алайда медициналық ұйымдарға, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда және үй карантині жағдайында бетпердені кию міндетті», - деді спикер.
Спикердің сөзінше, осы жылдың 5-ші ақпаннан бастап қала «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 2 жағдай тіркелген (симптоммен – 1 (50,0%), симптомсыз – 1 (50,0%). Қарым-қатынаста болған 2 адам медициналық бақылауға алынған.
Айта кетейік, оқушылар мен студенттер арасында КВИ 30%-дан жоғары тіркелмеген.